Dala kuaty
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Dala kuaty, Beauty Store, Shymkent.
15/08/2026
ӘРБІР ОЙДЫҢ ӨЗ УАҚЫТЫ БАР. АЛ УАҚЫТ — МЕНІҢ СЕРІКТЕСІМ.
Кейде адам өз өмірінде болып жатқан дүниелердің бәрін дәл қазір түсінгісі келеді.
Мен де бір кездері солай ойлағанмын.
14 жасымда мен өзіме бір сұрақ қойған едім:
«Мен қандай тұлға боламын? Менің өмірдегі орным қандай болады?»
Ол кезде бұл сұрақтың жауабы менде болған жоқ.
Бірақ сол ой ішімде қалып қойды.
Жылдар өтті.
Мен үйрендім.
Қателестім.
Іздендім.
Адамдармен жұмыс істедім.
Өзіме келдім.
Өз құндылығымды таныдым.
Өзімдегі дүниені жүйеге айналдыра бастадым.
Бүгін мен өз өміріме қарап:
«Сол 14 жасымда қойған сұрағымның жауабы біртіндеп өмірімнің өзінен шығып жатыр екен» деп түсініп отырмын.
Бүгін менде «ДАЛА ҚУАТЫ» сауықтыру орталығы бар.
Енді оның ішіндегі жұмысымды жүйелеп, өзім дайындаған шәкірттеріме аманаттап, олардың қолымен халыққа қызмет көрсететін деңгейге келдім.
Сонымен қатар «ДАЛА ҚУАТЫ» Академиясының жаңа бағытын қалыптастырып жатырмын.
Мен үшін Академия — жай ғана массаж үйрететін мектеп емес.
Менің ниетім — өзін табатын, мамандығын терең меңгеретін, тұлғалық қасиетін қалыптастыратын, өз кәсібін құра алатын адамдарды дайындайтын орта қалыптастыру.
Алда, Алла қаласа, бұдан да үлкен ниеттерім бар.
Әрқайсысын бірден ашуға асықпаймын.
Себебі қазір мен бір нәрсені анық түсіндім:
Әр істің өз жолы бар.
Әр ойдың өз уақыты бар.
Әр дүниенің өмірімізде өз орны бар.
Бұрын мен кейбір нәрсенің неге дәл қазір болмай жатқанын түсінбеуім мүмкін еді.
Қазір түсінемін.
Кейде дайын болмағанымыз үшін емес, уақыты әлі келмегені үшін болмайды.
Сондықтан мен уақытпен күреспеймін.
Уақытпен серіктеспін.
Мен өзіме керек дүниенің бәрін бір күнде алуға емес, оның әрқайсысына өз уақытында жетуге рұқсат беремін.
Бүгінгі жасап жатқаным — ертеңгі үлкен дүниенің іргетасы.
Ал менің ең үлкен қуанышым — сол 14 жасымдағы «кемелденген тұлға болсам» деген ішкі ойдың бүгін өмірімде біртіндеп бейнеге айналып келе жатқанын көру.
Мен енді кемелденген тұлғаны алыстан күтпеймін.
Мен сол тұлғаның өмірін бүгінгі таңдауларыммен сүріп жатырмын.
Ал сіз ше?
14 жасыңыздағы өзіңіз бүгінгі сізді көрсе, сізге не дер еді? 🤍
Мен үшін жақсы шәкірт — тек қолы массаж жасайтын адам емес.
Ол — адамның жағдайын түсінетін, өз сөзін білетін, жауапкершілік алатын, өз құндылығын түсінетін маман.
Сондықтан мен шәкірттеріме тек техниканы емес, маман болудың мәдениетін де үйретемін.
🌿 «ДАЛА ҚУАТЫ» шәкірттер даярлау мектебінде
Массаж бағытына — 6 орын қалды.
Егер ішіңізде
«Мен де осы жолды бастағым келеді»
деген нақты ниет болса,
📩 Direct/ 8775 535 7957 WhatsApp-қа «ШӘКІРТ» деп жазыңыз.
Орын саны шектеулі.
14/08/2026
“МЕН ШӘКІРТТЕРІМДІ ТЕК ОҚЫТПАЙМЫН. МАМАН ҚАЛЫПТАСТЫРАМЫН”
Бір кездері менің алдыма білім алуға келген шәкірттерім бүгін өздері менің жүйемнің ішінде жұмыс жасап жатыр.
Бұл мен үшін үлкен жауапкершілік.
Себебі шәкіртке білім беру — бір бөлек.
Ал сол білімді адамға қызмет ететін мамандыққа айналдыруына жол көрсету — одан да үлкен міндет.
Сондықтан «ДАЛА ҚУАТЫ» Академиясында менің мақсатым:
білім → практика → тұлғалық қалыптасу → мамандық → кәсіп
деген жолды көрсету.
Енді жаңа топқа 6 орын ашылды.
2 шәкіртті өзімнің тікелей жетекшілігіммен қабылдаймын.
4 шәкіртті балалар сауықтыру массажы бағытына дайындаймын.
Бұл орындар:
— жай ғана массаж үйренгісі келетіндерге емес;
— халыққа шынайы қызмет еткісі келетіндерге;
— өз мамандығына жауапкершілікпен қарайтындарға;
— өзін тұлға ретінде қалыптастырғысы келетіндерге;
— білімін нақты кәсіпке айналдырғысы келетіндерге арналған.
Мен үшін жақсы шәкірт — тек қолы массаж жасайтын адам емес.
Ол — адамның жағдайын түсінетін, өз сөзін білетін, жауапкершілік алатын, өз құндылығын түсінетін маман.
Сондықтан мен шәкірттеріме тек техниканы емес, маман болудың мәдениетін де үйретемін.
🌿 «ДАЛА ҚУАТЫ» шәкірттер даярлау мектебі
Массаж бағыты — 6 орын.
Егер ішіңізде
«Мен де осы жолды бастағым келеді»
деген нақты ниет болса,
📩 Direct/8775-535-79-57 WhatsApp-қа «ШӘКІРТ» деп жазыңыз.
Орын саны шектеулі.
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
Shymkent