elnura_omen

elnura_omen

Share

Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from elnura_omen, Health/Beauty, Астана, Nur-Sultan.

20/04/2022

Қош келдің 25-і көктемім🌺!

04/03/2022

Ура, ура, урааа!!!🎉🎉🎉

Көптен бері жоспарлап жүрген бет күтіміне арналған бірегейлі, ерекше онлайн курсымды жаздым!!!!!

Менімен бірге күндегі бітпейтін күйбең тіршіліктен “ сұлулық” деген ең жоғарғы вибрацияға жол тартыңыз💃🏻

‼️Бүт күтіміне арналған, толыққанды, ең ерекше курс сатылымға 6-наурыз шығады‼️

🌸Курс бағасы - 6990тг (негізгі баға 10990)

Бұл курсқа бар білімім мен өз ісіме деген махаббатымды салдым! ✨

Құрметті ханымдар, сіздерді өз курсымда күтемін🎉

28/02/2022

Кешегі опроста бірауыздан чистка лица тандапсыздар!
Көктеммен бірге құлыпрып жүріңіздер🌸

Шарттары:
✅Менің парақшама жазылу;
✅осы посттың астына 1 адамды белгіле( комментарийге шектеу жоқ)
✅соңғы 5 постыма ❤️
✅публикацияны өз сторисіңізге репост жасаңыз!

Конкурсты 3-наурызда арнайы сайтта өткіземін!

Кеттік! БӘРІНЕ СӘТТІЛІК!

03/11/2021

Айтар хабарым бар!!!
Постты сонына дейін оқып,❤️ ұмытпа!
Қыздар, көптен бері сұлулық саласында жүріп, жан-жақты дамып жатқаныма өздеріңіз куә! Сіздерге арнап керемет “Сауатты сұлулық”марафонның дайындадым!
Бұл марафон кімге арналған:
- Бет күтімі бойынша, қанша қымбат косметика қолданса да, НӘТИЖЕ көрмегендерге;
- Күнделікті бет күтімін жасауға уақытым жоқ дейтіндерге;
- Тері типін өзі анықтап, сауатты күтім жасағысы келетіндерге;
- Ешқандай инъекциясыз, қымбат косметикасыз сұлу болғысы келетіндерге;
- Күнделікті бет массажын жасап, ӘЖІМ, ЕКІНШІ ИЕК, ҚАБАҚ САЛБЫРАУЫНАН құтылғысы келетіндерге;
- Өз-өзіне сауатты косметолог боламын деушілерге;
- ЕҢ БАСТЫСЫ сұлу болу жолындағы, дұрыс тамақтану жолын білгісі келетіндерге арналады.
Марафон барысында:
- Негізгі және қосымша бет күтімі
- Косметика құрамы және компоненттер
- Бет массажы негіздері
- Тамақтану
- Психология тақырыптары қозғалады.
…және үздік қатысушыларыма сыйлықтар дайындаудамын!
Марафон сатылым күнім белгілеп, хабарлайтың боламын!🤗

Photos from elnura_omen's post 26/10/2021

ОТЗЫВТАР СӨЙЛЕСІН➡️
☺️ Әрбір жаннан келген керемет отзывтарңыз маған үлкен мотивация береді және дұрыс бағытта екеніме көз жеткіздіреді!
Қазақи сөзбен бұл бата бергенмен тең ғой, ал “батамен ел көгерер” деген мақалдай, менің ары қарай дамуыма бағыттауда! Аллаға шүкір, алғысым шексіз!❤️

Photos from elnura_omen's post 24/10/2021

Мен қолдануға қарсымын➡️
жылжытып оқыңыз, келісесіз бе?⤵️

21/10/2021

Өзіңді жақсы көруге 1 қадам
⠀
…. иә, қазіргі кезде өз келбетіне разы емес қанша қыз-келіншектер бар!
Беттегі түрлі проблемалар #самоценканың төмендеуіне әкеп соғады!
⠀
Қазіргі Инстаграм жүргізудегі ойым- “я хочу вдохновлять людей”🌿
* өзіне күтім жасауға
* жұмыс жасауға
* өзіңді жақсы көруге
* ең жақсы өмірге ұмтылуға
Ең бастысы, вдохновлять “быть лучшей версией себя”☀️
⠀
Бәрін үлгеруге болады, баламен/баласыз, жұмыспен/жұмыссыз, тек дұрыс приоритет қоя білу керек! #БудьуСебявПриоритете
⠀
Әр видеомды, постымды сондай посылмен саламын. Біреуіңізге болсын әсер ете алсам, менен бақытты адам жоқ❤️‍🩹
⠀
P.S. сіздерге қалай екенін білмеймін, бірақ иногда өзім де өз контентімнен кайфую😂
⠀
#сұлулықәлемдіқұтқарады🌸

21/10/2021

Боянуды 1 курста бастадым. Сондағы бетіме жағатыным детский крем “Лисичка ", кірпігіме -нан бірінші степендияма алған сүрмесі(тушь), ерінге жағатың блеск бітті👌 Сонымен Эльнура красавица😂.
⠀
2 курста жәйлап бояуларымды толықтырдым. Румяна, пудра….Сонда тоналка жақпайм, құр бетке өзін үйкей саламын. Мейк аптан хабар жоқ, румянаны беттің ұшына жеңіл рең беру үшін жағатынын біліппін ба🤷‍♀️, құлақтың қасынан бастап бері қарай қызартып жағып аламын🤭
⠀
Подводкамен көзге #стрелка сызуды әрең дегенде үйрендім. Түзу етіп сыза алмай 1 сағаттап отыратынмын. Бояуды бір жағып, бір сүрткеннен көз қып-қызыл. Соңғы штрих -дің  түссіз жылтыр далабы мен "Thinking of you" деген әтірін сеуіп, сықиып колледжге кететінмін😅.
⠀
Қазір де онша боянбаймын. Бір кездері визажист болдым деп айтсам, тіпті ұят🙈. Бояу салғышымда тек -ның кушоны, -ның сүрмесі, -ның ерінге арналған #103 қарындашы. Есесіне қазір күтімге арналған кремім көп🤗.
⠀
Қанша жастан бояндыңыз?😍
Бояу салғышыңызда қандай бояулар бар?😊👝💄

21/10/2021

😱Бет күтіміне жаңа өнім алып қолданған кезде бөртпелер, безеулер шығып кеткен кез болды ма? Ол өнімнен құтылуға асықпаңыз!
⠀
•Себебі бұл аллергия емес, тазартатын әсерге байланысты «PURFING» деп аталатын қалыпты реакция болса ше. Әсіресе құрамында қышқылдары бар өнімдер осылай әсер етіп жатады. Жаңа өнім терінің жаңаруын тездете бастайды, сондықтан микрокомедондар бұрыннан бет терісінде болды, бірақ әлі бетінде көріне қоймады, ал жаңа өнімнің арқасында олар тезірек бөртпелерге айнала бастады. Бұл дегеніміз, жаңа құрал безеуді тудырмады, тек жасушалардың жаңаруын тездетіп, күшейтті, бұл папула мен пустуланың пайда болуына әкелді. 4-6 апта ішінде кетуі керек. Микрокомедондар сіздің теріңізде болған, ал қышқылдар оларды қысқа уақытта сыртқа шығарды.
⠀
•Сонымен қатар, жаңа өңімге теріс реакция беруінің екінші түрі бар, бұл сізге қандай да бір компоненттің сәйкес келмейтінін көрсетеді. Ол «BREAKOUT» деп аталады. Бөртпелер препаратқа аллергия нәтижесінде немесе кейбір компоненттер сіздің теріңізге комедогенді болып шығуы нәтижесінде пайда болады.
❗️Тағы да, бұл құрал нашар дегенді білдірмейді, бұл сізге сәйкес келмеді.Біріншіден, әдеттегіден айырмашылығы, мұндай реакциямен бөртпелер тіпті сіздің бетіңізде жоқ жерде де пайда болады. Сонымен қатар, ыңғайсыздық тудырып,қабыну, қышумен бірге жүреді.Егер бөртпе 1-2 ай ішінде кетпесе немесе тіпті нашарлау байқалса, онда бұл косметикалық өнім сізге сәйкес келмейтіні анық.
Пайдалы болса ❤️!

21/10/2021

Жиі қойылатын сұрақ👇🏼
Сыворотка жақсы ма, крем ба?
Қайсысын аламын?
Қайсысы көмектеседі?
Пайдалы посттарды жіберіп алмас үшін❤️ басып, постты сақтап алыңыз🏳️‍🌈
Бұл жерде мәселе жақсы, не жаманда емес негізі💁🏻‍♀️ Екеуі екі түрлі қызмет атқаратын екі түрлі құрал☝🏼
СЫВОРОТКА деген барлық белсенді заттардың қоспасы, яғни коктейль сияқты☺️ ТЕКСТУРАСЫ кремнен сұйық және малекулярлық құрамы жеңіл болғандықтан ТЕРІГЕ ЖЫЛДАМ әсер етеді және тері астына ТЕРЕҢ сіңеді♻️
Яғни, кремне қарағанда теріге ТЕРЕҢІРЕК және ТЕЗІРЕК ӘСЕР ету керек болса онда міндетті түрде сыворотка қолдану қажет. Ал, 30 тан кейін терең күтім бәріне керек😉
КРЕМ деген ол бетке тамақ пен киім сияқты🥗👚. Түңгі крем бетті қоректендірсе, күндізгі крем бетті сыртқы әсерден ҚОРҒАЙДЫ⚠️ Қорғаныс пен тамақ бетке 18 жастан бастап қажет.
СОНДЫҚТАН жасыңыз 30 жоғары болса, бетіңізге ТОЛЫҚҚАНДЫ күтім көрсеткіңіз келсе екеуін де қолдану керек және ЕҢ МАҢЫЗДЫСЫ екеуі де бір марканың өнімі болу керек☝🏼! .
Кейде әйелдер 5 түрлі марканың 5 өнімін пайдаланады! БОЛМАЙДЫ ОЛАЙ ҚЫЗДАР❌
Бір компанияның линиясын пайдадану керек, себебі олар арнайы бір-бірін толықтырып отыру мақсатында шығарылады!
Әрине тек сыворотка мен кремге сенііііп барлық проблеманы шешіп береді деп ойламаңыз🤔
Одан басқа қаншама фактор бар🤪
Соның бірі әрине ол бет бұлшықеттеріне әсер ету, оны марафонда өтеміз😉

Want your business to be the top-listed Beauty Salon in Nur-Sultan?
Click here to claim your Sponsored Listing.

Category

Website

Address


Астана
Nur-Sultan