nurman.patyk
Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from nurman.patyk, Beauty, cosmetic & personal care, Almaty.
06/04/2022
Әр жылы жасым әр түрлі, бірақ бүгін 30+5ке толдым.😁
Стористен көрген боларсыз, бала-шағамен, аптаның арасында туған күн тойлау да оңай емес.
Шынымды айтайын, қазір туған күнімде бәлендей бір подарок күтпеймін. Мен үшін ең үлкен подарок- отбасымның, жақындарымның амандығы. (сыйлықтың бәрін каспимен қабылдадық, подарок керек емес, керек емес дегенмен де сыйлықты жақсы көреміз:)
Бүгін өте көп құттықтаулар болды, сізлердің құттықтауларыңыз мені қуантып тастады, энергиямды көтерді және осы постты жазуға себепші болды. Сіздердің жылы лебіздеріңізден мотивация алып,шабыттана түстім.
Жеке мен үшін басталған жаңа жыл ерекше болады деп үміттенемін. Өзімді енді ғана тапқандай сезініп жүрмін. Алда жаңалықтарыммен бөлісемін.
Барлық құттықтаған жандарға тағы да бір рет алғыс айтамын. Бүгінгі күніме шүкір етемін, ертең бұдан да жақсы боларына сенемін.❤️
#өзіңдітап #жаңажас
02/12/2021
Жаңа жылға бір айға жетпейтін уақыт қалды.
Егер сіз осы жылы бір іспен айналысуды қолға алғыңыз келіп, бірақ әлі бастамаған болсаңыз, әлі де кеш емес. Сізді келесі аптада болатын обучениеге шақырамын.
Бір аптада аппаратты массаждың қыр-сырын меңгеріп, топ мастер болыңыз. Сіз не үйренесіз?
▫️бетке арналған СПА процедура;
▫️денеге арналған массаж ( мойын-иық бөлігі, бел, аяқ,ішке арналған массаж)-ды толықтай үйренесіз.
Обучениеден кейін, сертификат алып қана қоймай, бірден жұмыс бастау арқылы, ай соңына дейін 200к жоғары табыс табуға болады.
Жаңа мамандықтың иесі болыңыз және жаңа жылды ерекше көңіл күймен қарсы алыңыз. Толығырақ білу үшін дайректке жазыңыз.
P.S. Осы айдың 25-дейін аппарат сатып алғаныңыз үшін, компания қосымша сыйлықтар дайындап отыр. Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!!!
#жаңаниша #косметикаалматы #массажалматы #обучениемассажу
21/11/2021
Менің добрый көздерім мұнда жайдан-жай тұрған жоқ.Бұл көздер конкурс жасап сіздерді қуантайын деп тұр.😁
Алғаш рет конкурс жасайын деп отырмын. Конкурсте бір емес ЕКІ бірдей бетке арналған СПА процедцра бір адамға сыйлаймын. Конкурс шаттары өте оңай. Белсенділік танытыңыз, мүмкін именно сіз ұтып аласыз.
🎀Конкурс шарттары:
1️⃣ Менің парақшама жазылу;
2️⃣ Осы посттың астына 3 құрбыңызды белгілеу;( магазин, блогер, папликтер жарамайды)
3️⃣ Стористе мені белгілеу;
4️⃣ Соңғы үш постқа лайк басу.
Қандай процедура екені Актуальный стористе көрсетілген. Егер басқа қаладан болсаңыз, Алматы қаласындағы жақындарыңызға сыйлай аласыз.
Конкурс нәтижесін келесі сенбі күні 27.11.2021 бір ыңғайлы уақыт тауып, прямой эфирде анықтаймыз.😊
Ал ендеше кеттік, сәттілік тілеймін!!!!❤️
#аппаратыймассаж #чисткалица #омолаживающиепроцедуры
16/11/2021
ШЫНАЙЫЛЫҚ ТУРАЛЫ
Пост салмағалы біраз болды....
Бүгін өз өзімізге қаншалықты шынайы екеніміз жөнінде сөйлескім келеді. Шынымды айтсам, біраз уақыт ештеме жасай алмай жүрдім. Қолым бармайды. Желание жоқ. 😩
Өз-өзіме сұрақ қоя бастадым. Менде неге мотивация жоқ? Мыйға сұрақ тастасаң, бәрі бірде жауабын береді екен. Оказывается, мен өзімнің ішкі сезімдерім мен ішкі жан дүниеме мән бермейді екенмін. Өзім қаламаған істерді, ертең осы әрекетім бір нәтиже беріп қалар, отказ берсем ұят болар деп жасай береді екенмін. Осылай ішкі қалауымды ылғи шетке сыра беремін. Нәтижесінде, желание қанағаттанбағандықтан энергия жоқ, желание де жоқ.
Өзімнің нақты не қалайтынымды түсінген соң, біраз нәрседен БАС ТАРТТЫМ. Өзіммен честный болуға шешім қабылдадым. Қазірде өзіме ұнайтын істердің, көптен бері жасамай созып келе жатқан істердің тізімін жасадым.
Стористен де байқаған боларсыздар, жақыннан бері қайтадан белсенді бола бастадым. Менің бір байқағаным, біз басқалармен честыймыз, бірақ тек өзімізбен честый бола алмайды екенбіз.
Өзіңізді жақсы көріңіз және өзіңізді алдамаңыз!!!😘😘😘
09/11/2021
Шынайылық туралы....
Біраз уақыт болды, пост салмай кеттім.
09/09/2021
Соңғы кездері суретке түсіруге әуестеніп жүрмін. Шедевр емес, деседе кейбір кадрлар жақсы шығып жатқан сияқты.
Осы жолы демалыстағы суреттердің кейбіреуін осында қалдырайын деп шештім. Бағасын берерсіздер. ☺️
07/09/2021
Бүгін қорқынышымды жеңдім!!!
Бала кезімде құлағым ауырып, азабын көп көрдім. Сол себепті құлағымды ауыртып алудан қатты қорқамын. Және бамымды суға ещқашан тықпайтынмын😅
Бассейнде жүрміз. Басқаларды көріп, менде қызығып кеттім. Суға бамымды тығып,астын көргім келді. Бірақ батылым жетпеді. Алматыдан арнайы сатып алған құлаққа су кіргізбейтін зат бар. Құлағыма салып алып, енді басымды суға тығайын десем, қорқамын.🤪
Қолдау көрсетуге 2-3 адам жиналып қалған, кел бір, екі, Үшшшш. Бәрі басын суға салады. Мен қалып қоямын. Сөйтіп, нешінші попытка екені есімде жоқ. (20,30 болар) Басқалардан ұйалғанымнан басымды суға салдым. Құлағыма су кірген жоқ. Бір-екі рет жасап көрген соң, қорқуға еш себеп жоқ екенін түсіндім😁
Сізге күлкілі сезілуі мүмкін. Бірақ мен үшін оңай болған жоқ. Құлағы ауырғандар түсінеді. ☺️
Сіздің қандай қорқыныштарыңыз бар?⏬
27/08/2021
Good morning!!!!🌞
Егер сіз осы постты оқып отырсаңыз,сіз бүгін ояндыңыз. Сіз үшін қуаныштымын.😊
Бүгін басқа проблемаларды ойламай ақ қойайықшы. Жай ғана өзіміздің, жақындарымыздың аман-есен жүргеніне шүкір етейік. Жақыннан бері көптеген адамдардың ковидпен күресіп жатқанаын және қайтыс болып кеткенін жиі естиміз.😭
Бүгін жұма. Дұғалар қабыл болатын күн. Өзіміз және жақындарымыз үшін, барлық ковидпен күресіп жатқан жандар үшін бір дұға тілеп қойайық. 🤲🏻
Достар, сіздердің лайк басып, комментарий қалдырып маған қолдау көрсетіп жатқандарыңыз үшін рахмет айтқым келеді. Бағаьаймын❤️
Ертең бәрі жақсы болатынына сенемін!!!🌈
25/08/2021
Әне-міне дегенше жаз өте шықты. Жазда мен не істеп үлгердім?
Жазға план мықты болды. Балалар каникулға шыққан соң, уақыт көп сияқты сезілді. Алға қойған мақсаттың кейбіреулері орындалды. Орындалмай қалғандары да болды. Сонымен бір қортынды жасап жіберейін:
1. Копирайтинг бойынша курстан өтіп, жарнамалық текст жазудың базалық білімдерін меңгердім.
2. Мобилография курсынан өттім. Енді жақсы видео түсіріп үйреніп жүрмін.
3. Біраз тренинг пен мастер кластарға қатыстым. Ашып айтар болсақ, сату бойынша Александр Савельевтің тренингнен, Анар Байрханованың "Ораторское искусство" және "Личный бренд" тренингтерінен өттім.
4. Фотосессия жасадым.
5. 3кг арықтауым керек болған. 1.5 орындалды, жартысы орындалмай қалды😅. 6 күнде үлгеремін ба?🤪
6. Күніне 10к қадам жүру керек болғанмын. Орындалмай қалды. Жақында қолға аламын.☺️
Жалпы жаз жаман болмады, енді күз бен қысқа арналған пландар CRAZY. Сізде қалай болды? Әттегенайлар болды ма?
23/08/2021
Hey, hey, I’m back!!!! 😁😁
Біраз болды, пост салмай кеттім. Пост салуға әлі үйрене алмай жүрмін. Суретімді байқаған боларсыздар ФотосЭссиядан😅.
Фотосессия жасамай тұрғанда, идея көп болған, бірақ сурет болмады. Енді фото бар, идея жоқ.(ирония🤪)
Бірақ кешеден бері 21 күндік challengeге қатысып жатырмын. 21 күн бойы инстаграммен жүйелі жұмыс жасайтын боламын. Ал ендеше, шегіруге жол жоқ, артымызда москва.🙈
Достар, маған сіздердің көмектеріңіз керек. Постты қандай темада жазсам, сіздерге пайдалы болады?
Click here to claim your Sponsored Listing.
Category
Website
Address
Almaty